Англияның «Бернли» клубының бас бапкері Ники Хайен Чемпионшиптің 9-туры аясында «Уотфордқа» қарсы өткен сырт алаңдағы ойында (4:0) жарақатынан кейін қатарға қосылған Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаевтың жағдайына тоқталды.
Хайеннің айтуынша, жас ойыншыға түсетін салмақты мұқият реттеу қажет. Бапкер Сатпаевтың толық қарқынмен бірнеше матч қатарынан ойнамағанын, сондықтан оның жүктемесін біртіндеп арттыру керек екенін айтты.
«Ол бар болғаны 20 минут ойнады. Оның жағдайын бағалауымыз керек, өйткені алаңда 20 минут өткізгеннен кейін сейсенбіге дейін көп уақыт жоқ. Сондықтан оны ең дұрыс жолмен дайындап, қайталама жарақатқа жол бермеуіміз қажет. Ойыншыларымызды қорғауға және ең тиімді шешім қабылдауға міндеттіміз. Иә, әрине, ол жаттығуда өзін жақсы көрсетті. Бүгін алаңға шыққаннан кейін қарсыласқа қауіп төндіре алғанын көрдік», — деді Ники Хайен.
Сатпаев 74-минутта Якуб Бруун Ларсенді алмастырып шықты. Бұл матчта «Бернли» маусымдағы Чемпионшиптегі алғашқы жеңісіне жетіп, қоржынына 7 ұпай салды.
Келесі ойынын команда 13 қазанда өз алаңында «Чарльтон Атлетикке» қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.