Футбол

«Зенит» «Краснодарды» ұтып, РПЛ көшін бастады

Нұралы Әліп өнер көрсететін петербургтік «Зенит» сырт алаңда «Краснодарды» 3:2 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін қос команда да 21 ұпай жинап, турнир кестесінде «Зенит» бірінші орынға көтерілді.

Нұралы Әліп ойнайтын петербургтік «Зенит» Ресей Премьер-лигасының оныншы турында сырт алаңда «Краснодармен» кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші таймда Максим Глушенков 40-минутта және 45+4-минутта дубль авторы атанып, қонақтарды алға шығарды. Үзілістен кейін Александр Соболев 53-минутта тағы бір гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Алайда «Краснодар» тарапы Жоау Батчи мен Джон Кордоба арқылы жауап беріп, 55- және 71-минуттарда айырманы бір допқа дейін қысқартты. Кейін алаң иелері бразилиялық қорғаушы Витор Торменаның қызыл қағаз алып, азшылықта қалды.

«Зенит» қалған уақытты сәтті өткізді. Әліп негізгі құрамда шығып, 91-минутта алмастырылды.

Осы жеңістен кейін «Зениттің» еншісінде 21 ұпай болды. Петербургтік клуб турнир кестесінде «Краснодарды» дәл осынша ұпаймен басып озып, көш бастады.

Келесі ойынын «Зенит» 14 қазанда 20:30-да Қазақстан уақытымен Кубок аясында Махачкаланың «Динамосына» қарсы өткізеді. Ал 18 қазанда 16:00-де РПЛ-де грозныйлық «Ахматты» қабылдайды.