Екатеринбургте өткен титулдық жекпе-жекте ресейлік боксшылар Харитон Агрба мен Заур Абдуллаев кездесті.
Бұл айқаста WBA нұсқасы бойынша бірінші жартылай орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Тартысты өткен кездесу толық 12 раундқа созылып, төрешілердің бөлінген шешімімен аяқталды — 117-111, 111-117, 115-113.
Нәтижесінде Харитон Агрба кәсіпқой рингтегі 18-жеңісіне қол жеткізіп, WBA-ның уақытша чемпионы белдігін жеңіп алды. Ал Заур Абдуллаев мансабындағы үшінші жеңілісіне ұшырады.
Қазіргі таңда осы салмақтағы толыққанды WBA чемпионы — америкалық боксшы Гэри Антуан Расселл. Оның көрсеткіші — 19 жеңіс, 1 жеңіліс және 17 нокаут.