Үлкен теннис

Рыбакинадан кейін Ухань турнирінен тағы 10 теннисші бас тартты

Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнир басталмай жатып-ақ бірқатар мықты теннисшіден айырылды. Елена Рыбакинаның кетуінен соң жарысқа тағы он спортшы қатыспайтыны белгілі болды.

Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 турнирі басталмай жатып-ақ елеулі өзгеріске ұшырады. Бұған дейін аяқ жарақатына байланысты Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жарыстан бас тартқан еді.

Одан кейін турнирге қатыспайтынын тағы он теннисші мәлімдеді: Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Виктория Мбоко, Наоми Осака, Мэдисон Киз, Эмма Наварро, Анастасия Потапова, Хейли Баптист, Барбора Крейчикова және Каролина Плишкова.

Олардың орнына негізгі сеткаға басқа теннисшілер енгізіледі. Осылайша, жарыс кестесі турнир басталмай тұрып-ақ айтарлықтай өзгерді.

Wuhan Open турнирі 12-18 қазан аралығында өтеді. Жүлде қоры 4 миллион доллардан асады. Қазіргі чемпион — Кори Гауфф.