Қазақстанның әйелдер құрамасы Ирландиядан 0:8 есебімен жеңілді
Әйелдер арасындағы 2027 жылғы әлем чемпионаты іріктеуінің бірінші раундындағы плей-оффта Қазақстан құрамасы Ирландияға ірі есеппен есе жіберді. Қарымта матч 13 қазанда Коркте өтеді.
Қазақстанның әйелдер құрамасы 2027 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі бірінші раунд плей-оффының алғашқы матчында Ирландияға 0:8 есебімен ұтылды.
Астанадағы «Астана Аренада» өткен кездесуде Кира Каруса 7 және 28-минуттарда көзге түсті. Сондай-ақ Клои Мустаки 16-минутта, Эмили Мёрфи 44-минутта, Эбби Ларкин бірінші таймға қосылған уақытта, нақтырақ айтқанда 45+3-минутта гол соқты.
Екінші таймда Джейми Финн 58-минутта, Шанаде Хопкрофт 73-минутта, ал Джесси Стэплтон 90-минутта нәтижені ірі етіп бекітті. 30-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Қарымта ойын 13 қазанда Коркте өтеді. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен құрама екінші раундқа жолдама алып, Бельгия — Польша жұбының жеңімпазымен кездеседі.