Жаңалықтар

Қазақстан Чефериннің УЕФА-дағы соңғы мерзімін қолдаған елдердің қатарында

УЕФА президенті Александер Чеферин ұйымды басқарудағы соңғы мерзімге кандидатурасын ұсынуға келісім берді. Оны қолдаған 55 ұлттық ассоциацияның ішінде Қазақстан да бар.

УЕФА президенті Александер Чеферин ұйым басшылығындағы соңғы мерзімге өз кандидатурасын ұсынуға келісті.

Еуропаның 55 ұлттық ассоциациясы оны бірауыздан қолдап, президенттікке қайта түсуін сұраған. Ұйым таратқан мәлімдемеде Еуропа футболы ФИФА-дағы реформалар күн тәртібін айқындағаны және жаңа басқару тәсілін талап еткені айтылған.

Чеферин УЕФА-ны 2016 жылғы 14 қыркүйектен бері басқарып келеді. Оны қолдаған ассоциациялар қатарында Қазақстан да ресми түрде бар.

Словениялық функционер 2025 жылғы сәуірде Қазақстанға ресми сапармен келіп, президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескен еді.