«Астана» «Гран Пьемонтеде» подиумға көтерілді
Италияда өткен «Гран Пьемонте» біркүндік жарысында «XDS Astana Team» сапындағы Альберто Беттиоль үшінші орын алды. Қалған қазақстандық команданың велошабандоздары жарысты әртүрлі нәтижемен аяқтады.
Италияда өткен 1.Pro санатындағы «Гран Пьемонте» біркүндік жарысында «XDS Astana Team» командасы жүлделі орынға ие болды. Команданың ең үздік нәтижесін италиялық Альберто Беттиоль тіркеп, үшінші болып мәреге жетті.
Жарыста жеңісті «Netcompany INEOS» сапындағы Дориан Годон жеңіп алды. Ол 185 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 6 минут 19 секундта еңсерді. Екінші орын «Uno-X Mobility» велошабандозы Антон Шармигке бұйырды. Үш жүлдегерге бірдей уақыт жазылды.
«Астана» сапынан Симоне Веласко 79-орынға тұрақтады, Томас Сильва 90-шы, ал Алессандро Ромеле 97-ші болды. Ромеле мәреге жеңімпаздан 3 минут 45 секунд кейін келді.
Давиде Тонеатти жарысты 105-орында аяқтаса, Давиде Баллерини 131-орынға жайғасты. Тағы бір шабандоз, нидерландылық Даррен Ван Беккум, жарысты мәреге дейін аяқтай алмады.
110-шы рет ұйымдастырылған «Гран Пьемонте» 8 қазанда өтіп, Астиден Броға дейінгі бағытты қамтыды.