weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін / SportRoom / Бокс 10
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Серік Сәпиев кәсіпқой боксқа шақырған бір миллион доллардан неге бас тартқанын айтты

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев атақты америкалық промоутер ұсынған қомақты келісімшарттан не себепті бас тартқанын айтып берді. Ол сол кезеңде кәсіпқой рингке ауысуға дайын емес екенін жеткізді.

Серік Сәпиев кәсіпқой боксқа шақырған бір миллион доллардан неге бас тартқанын айтты Серік Сәпиев кәсіпқой боксқа шақырған бір миллион доллардан неге бас тартқанын айтты
Sports.kz

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев мансабының бір тұсында америкалық белгілі промоутер ұсынған бір миллион долларлық келісімшарттан бас тартқанын айтты.

Боксшының сөзінше, олар Геннадий Головкиннің жекпе-жектерінің біріне барған кезде промоутердің бірі Серхио Мартинеске қатысты: «Мен оған келісімшартқа қол қойғаны үшін бір миллион доллар берер едім» деген. Алайда Сәпиев ағылшын тілін білмегендіктен, әңгіме сол сәтте жалғаспаған.

Сәпиев ол кезеңде ақшаны бірінші орынға қоймағанын, оның үстіне Қазақстан бокс федерациясында және кейін «Astana Arlans» клубында жұмыс істеп жүргенін атап өтті. Сондықтан кәсіпқой боксқа бірден ауысу өзіне дұрыс шешім болып көрінбеген.

«Егер қазір бастасам, бұрынғыдай бабымда болмай қаламын деп ойладым. Кәсіпқой бокста баб жинауға болады, әрине. Бірақ сол кезде мен неге баруым керек, Олимпиададағыдай бокстаспай қалсам ше деген түсінік болды», — деді ол.

Серік Сәпиевтің еншісінде Лондон Олимпиадасының 2012 жылғы алтыны және Олимпиаданың ең техникалық боксшысына берілетін Вэл Баркер кубогы бар. Бұдан бөлек, ол 2005 және 2007 жылдары әлем чемпионы, 2007 және 2009 жылдары Азия чемпионы, ал 2010 жылы Азия ойындарының жеңімпазы атанған. Лондондағы жеңісінен кейін, 2012 жылдың желтоқсанында Сәпиев спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады.

.

Көп оқылды:

.
.