Күрес

Айдос Сұлтанғали Астанадағы күрес чемпионатында Қазақстан сапында шығады

Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Астанада өтетін күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайды. Бұған дейін UWW тізімінде бұл салмақта Ербол Камалиев көрсетілген еді.

Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали Астанада өтетін күрес түрлері бойынша әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсетеді.

Бұған дейін Біріккен күрес әлемі федерациясының (UWW) ресми сайтында грек-рим күресінен Астанадағы жарысқа қатысушылар тізімі жарияланып, 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Ербол Камалиев көрсетілген болатын.

Алайда спортшының өзі әлем біріншілігінде 60 келі салмақта белдесетінін және Қазақстанды танытатынын растады.

Күрес түрлері бойынша әлем чемпионаты Астанадағы «Барыс Аренада» 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.

Жарысқа 135 елдің өкілдері тіркелген. Шамамен 1000 балуан еркін, грек-рим және әйелдер күресі бойынша 30 салмақ дәрежесінде жүлдеге таласады.