Хоккей

Дмитрий Бреус «Трактор» сапына ресми түрде қосылды

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус КХЛ-дегі жаңа маусымды челябиндік «Трактор» сапында жалғастырады. Ал Владислав Юсупов кері бағытта Нижний Новгородқа кетті.

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дмитрий Бреус астаналық «Барыстан» челябиндік «Тракторға» ауысты. Ресейлік клуб бұл ауысымды ресми түрде растады.

Келісім аясында Нижний Новгородқа қорғаушы Владислав Юсупов жіберілді. Ол «Трактор» сапында КХЛ-дегі дебютін өткен маусымда жасап, 27 кездесуде 5 ұпай жинады: 1 шайба және 4 нәтижелі пас.

Бреус 2004 жылғы 22 ақпанда Алматыда туған. Ол «Чайка» құрамында Харламов кубогын жеңіп алып, 2023/24 маусымында КХЛ-де «Торпедо» сапында алғаш рет ойнады. Кейінгі маусымда «Торпедо-Горький» командасымен Ресей чемпионатында топ жарды.

Өткен маусымды Бреус «Барыста» өткізді. Қазір оның еншісінде КХЛ-де 98 матч және 16 ұпай бар: 3 гол және 13 нәтижелі пас.