Күрес

Ариэль Хельвани Валентина Шевченконың UFC белбеуінен неге бас тартқанын түсіндірді

Белгілі журналист Ариэль Хельвани қырғызстандық Валентина Шевченконың UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін не себепті босатқанын айтты. Оның сөзінше, бұған ұзаққа созылған жарақат пен аралық титулдық жекпе-жек жоспары әсер еткен.

Белгілі журналист Ариэль Хельвани қырғызстандық Валентина Шевченконың (26-4-1) UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуінен неге айырылғанына қатысты пікір білдірді.

Оның айтуынша, Шевченко ұзақ уақыт бойы жарақат алып жүрген. Егер UFC UFC 332 турниріне тағы бір титулдық жекпе-жек тағайындаса, Валентина чемпион мәртебесін сақтап қалар еді. Хельванидің сөзінше, ол белбеуден өз еркімен бас тартпаған.

«Ол мұны ерікті түрде істеген жоқ. Мүлде олай емес. Оларға титулдық жекпе-жек қажет болды. Оған қайтып оралғанда әділ жағдай жасалып, титулға қайта шығуға мүмкіндік берілетінін айтты», — деді Хельвани.

Валентина Шевченко 2025 жылдың қарашасынан бері октагонға шыққан жоқ. Сол кезде ол қытайлық Чжан Вэйлиді (26-4) жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғаған еді.