Күрес

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінен уақытша шеттетілді

Combatpress.com сайты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты жартылай орта салмақтағы рейтингінен алып тастады. Бұған спортшының ұзақ уақыт бойы жекпе-жек өткізбегені себеп болды.

Combatpress.com сайты қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновты (19-0) жартылай орта салмақтағы рейтингінен шығарып тастады.

Рейтингке қатысты түсіндірмеде төртінші орында тұрған Рахмоновтың белсенділік танытпағаны үшін тізімнен алынып тасталғаны айтылған. Одан төмен орналасқан барлық спортшы бір саты жоғары көтерілді, ал Рамазан Курамагомедов оныншы орынмен рейтингке кірді.

Шавкат Рахмонов ауыр жарақат алып, отадан кейін ұзақ оңалу кезеңінен өтіп жатыр. Ол соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді (17-2) жеңген еді.

Қазіргі таңда UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы — ресейлік Ислам Махачев (29-1).