Керім Дәидов алғашқы раундта жеңіп, Octagon чемпионы атанды
Қазақстандық файтер Керім Дәидов Наманганда өткен Octagon 92 турнирінің басты жекпе-жегінде өзбек Нуруллохон Абдуллаевты мерзімінен бұрын жеңді. Ол бірінші раундта қылғындыру әдісін жасап, полутяжелый салмақта чемпиондық белбеуге ие болды.
Қазақстандық файтер Керім Дәидов Наманганда өткен Octagon 92 турнирінің басты жекпе-жегінде өзбек Нуруллохон Абдуллаевпен кездесті.
Бұл айқаста Octagon лигасының полутяжелый салмақтағы чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Жекпе-жек бес раундқа жоспарланғанымен, ұзаққа созылмады.
Дәидов қарсыласын бірінші раундта қылғындыру әдісімен мерзімінен бұрын жеңіп, айқын басымдық танытты.
Осылайша Керім Дәидов кәсіпқой ММА-дегі 12-жеңісіне қол жеткізіп, Octagon лигасының жаңа чемпионы атанды.
Ал Нуруллохон Абдуллаев карьерасындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.