Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында жартылай финалға шықты
Бакуде өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Шерзод Давлатов ширек финалда француз Ромен Валадье-Пикарды ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Енді оның келесі қарсыласы — жапониялық Рюдзю Нагаяма.
Әзербайжан астанасы Бакуде дзюдодан әлем чемпионаты басталды. Бұл додада Қазақстан намысын 60 келіге дейінгі салмақта Шерзод Давлатов қорғап жатыр.
Ширек финалда Давлатов француз дзюдошысы Ромен Валадье-Пикармен белдесіп, жеңіске жетті.
Осы нәтиженің арқасында қазақстандық балуан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.
Жартылай финалда Шерзод Давлатовтың қарсыласы жапониялық Рюдзю Нагаяма болады.