Хоккей

КХЛ «Барыстың» қатарынан екінші сырттағы жеңісіне баға берді

«Барыс» Мәскеуде «Спартакты» буллит сериясында 4:3 есебімен ұтып, Құрлықтық хоккей лигасындағы сырт алаңдағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Кездесу қорытындысын КХЛ-дың ресми сайты жариялады.

Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайты Мәскеуде өткен «Спартак» — «Барыс» кездесуіне шолу жасап, астаналық клубтың буллит сериясындағы 4:3 есебімен жеңісін атап өтті.

Матчта есепті «Барыс» ашты: Даниил Гутик дәл соққысымен мергендік танытты. Алайда араға көп уақыт салмай, Алихан Омирбеков пен Алихан Асетовтің голдары «Спартакқа» басымдық берді. Екінші кезеңде Данил Пивчулин қарсыластың қателігін пайдаланып, таразы басын теңестірді.

Үшінші кезеңнің басында екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Семён Симонов пен Кирилл Ляпуновтың соққылары қақпа бағанасына тиді, ал кейін Лукас Локхарт москвалықтарды алға шығарды.

Ойын соңына дейін «Барыс» қысымын күшейтіп, қақпашыны алмастырып алтыншы ойыншыны шығарған сәтте Тайс Томпсон есепті теңестірді. Негізгі уақыт та, овертайм да жеңімпазды анықтаған жоқ.

Буллитте Андрей Шутов пен Артём Загидулин алғашқы алты соққыны қайтара білді. Кейін Шутов тағы бір әрекетті тойтарғанымен, Джастин Бэйлидің соққысы шешуші болып, «Барысқа» жеңіс әкелді.

Астаналық клуб келесі ойынын 10 қазанда өз алаңында омбылық «Авангардқа» қарсы өткізеді.