Төрехан Сабырхан Азиада-2026 чемпионы атанды
Қазақстан боксшысы Төрехан Сабырхан Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 жарысында 70 килограмға дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда ол иорданиялық Зеяд Ишаишті айқын басымдықпен ұтты.
Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиат ойындарында чемпион атанды.
70 килограмға дейінгі салмақта сынға түскен Сабырхан финалда иорданиялық Зеяд Ишаишті төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.
Осылайша, Төреханның жеңісі Қазақстан құрамасы үшін Азиада-2026-дағы оныншы алтын медаль болды.
Айта кетейік, Сабырхан бұған дейін 2025 жылғы World Boxing нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанған. Ол негізгі құрамаға қосылғанға дейін жасөспірімдер мен жастар арасында да сәтті өнер көрсетті.