Бокс

Қазақстан Азиада-2026 бокс турнирінде медаль кестесінде үшінші орын алды

Айти мен Нагояда өткен Азиада-2026 бокс турнирінде Қазақстан құрамасы жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады. Қоржында екі алтын және үш қола медаль бар.

Қазақстан құрамасы Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өткен Азиада-2026 бокстан жарысын медаль кестесінде үшінші орынмен аяқтады.

Қорытынды бойынша қазақстандық былғары қолғап шеберлері бес медаль жеңіп алды: екі алтын және үш қола.

Медаль кестесінде Үндістан бірінші орынға шықты. Бұл елдің боксшылары үш алтын және үш қола медаль иеленді. Екінші сатыға екі алтын, бір күміс және төрт қола медаль алған Өзбекстан құрамасы жайғасты.

Қазақстанға алтын медаль әперген спортшылар — Торехан Сабырхан (70 кг) мен Айбек Оралбай (90 кг-нан жоғары).

Қола жүлдені Махмуд Сабырхан (55 кг), Алуа Балкибекова (51 кг) және Наталья Богданова (75 кг) жеңіп алды. Азиат ойындарының жабылу салтанаты 4 қазанда өтеді.