Бокс

Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстанның суперауыр салмақтағы боксшысы Айбек Оралбай Жапонияда өткен Азиада-2026 жарысында алтын медаль иеленді. Финалда ол өзбекстандық Жахонгир Зокировты 5:0 есебімен ұтты.

Қазақстанның суперауыр салмақтағы боксшысы Айбек Оралбай Жапонияда өткен Азиада-2026 жарысының чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте ол өзбекстандық Жахонгир Зокировпен кездесіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Оралбай — Қазақстан құрамасының капитаны. Бұған дейін ол 2025 жылғы әлем чемпионатын ұтып, Азия чемпионы атағын үш рет иеленген.

Жахонгир Зокиров 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде алған болатын.

Бокс турнирі Азиада-2026 аясында 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтті. Ойындардың өзі 4 қазанда аяқталады.