Мәзір
16 қазан, 2024 / Admin / Үлкен теннис

Олимпиадаға қатыспаған теннисшіміз АҚШ-та қылық көрсетті (видео)

Өз әрекетімен көпшіліктің шамына тиді

Олимпиадаға қатыспаған теннисшіміз АҚШ-та қылық көрсетті (видео) Олимпиадаға қатыспаған теннисшіміз АҚШ-та қылық көрсетті (видео)
Robert Prange/Getty Images. Суретте: теннисші Юлия Путинцева

Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева АҚШ-та өтіп жатқан US Open 2024 турнирінде бол-герлға құрметсіздік көрсетіп, спорт мамандары мен жанкүйерлерінің шамына тиді, деп Dopmedia.kz хабарлайды.

АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің үшінші кезеңінде италиялық Жасмин Паолиниге қарсы өткізген кездесуінде Юлия Путинцева бол-герлдің берген доптарын бірнеше мәрте қабыл алмай, менсінбегендей кейіп танытты. Өз кезегінде қазақстандық теннисшінің бұл әрекетіне қатысты спорт мамандары мен жанүйерлері пікір білдіріп, спортшының бұл әрекететін «жеккөрінішті» ретінде сипаттады.

«Оның эмоциясы шектен тыс шығып кеткені анық, өйткені ол жай ғана өз жұмысын орындауға тырысып жатқан жас қызды елемеді. Жасөспірімнің жасы 16-дан аспаған», – деп жазады Marca басылымы.

Журналист Пирс Морган: «Юлия Путинцева бұл әрекетімен өзінің жеккөріншті тәкаппарлығын көрсетті – доп ұстаған қыз 3-ші допты оның бетіне лақтыруы керек еді», – деді.

«Путинцева өзін кіммін деп ойлады... Қызға деген қорқынышты мінез көрсетті», – деп US Open чемпионы Борис Беккер жауап берді.

Кейіннен қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.

«Сол әрекетім үшін бол-герлдан кешірім сұрағым келеді. Мен геймді ұта алмағаным үшін өзіме қатты ашуланып тұрдым. Кейін көңілім құлазып, ойға беріліп кеттім. Тіпті айналамда не боп жатқанына, кім маған доп беріп жатқанына мән бермедім. Бол-балалар әдеттігідей керемет жұмыс істеді», – деп жазды теннисші әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Айта кетейік, бұл кездесуде Юлия Путинцева 3:6, 4:6 есебімен Жасмин Паолиниден жеңіліп, турнирдегі жолын аяқтады.