Күрес

Ажар Асхат Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық дзюдошы Ажар Асхат Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының финалына жолдама алды. Ол шешуші белдесуде алтын медаль үшін жапониялық Рин Маэдамен кездеседі.

Қазақстан құрамасының дзюдошысы Ажар Асхат Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалда қазақстандық спортшы моңғолиялық Анужин Уран-Улзийді жеңді.

Осылайша, Ажар Асхат Азия ойындарының алтын медалі үшін күресуге мүмкіндік алды. Финалдағы қарсыласы — жапониялық Рин Маэда.

Бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақта Әділет Алмат та финалға жолдама алған еді.