Үлкен теннис

Пекин турнирінде 16 жастағы қытай теннисшісі тосын жеңіске жетті

Пекинде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде 16 жастағы Сунь Синьжань алғашқы айналымда неміс теннисшісі Ева Листі ұтты. Қарсыласы жарақатына байланысты 1:6, 0:3 есебінде кездесуді жалғастыра алмады.

Пекинде өтіп жатқан WTA 1000 сериясындағы турнирде 16 жастағы қытай теннисшісі Сунь Синьжань алғашқы айналымда неміс спортшысы Ева Листі ұтты. Кездесу 1:6, 0:3 есебінде Лис жарақатына байланысты ойынды жалғастыра алмаған соң тоқтады.

Жас теннисші негізгі сеткаға арнайы шақырту арқылы кірген еді. Ол өз мансабында алғаш рет мұндай деңгейдегі турнирде өнер көрсетіп отыр.

Матч 47 минутқа созылды. Сунь бірінші сетте 6:1 есебімен басым түсіп, екінші партияда 3:0 алға шыққан кезде Лис кездесуді жалғастырудан бас тартты. Ева Лис былтыр осы турнирде ширек финалға дейін жеткен болатын.

Келесі кезеңде Сунь Синьжань испаниялық Кристина Букшамен кездеседі.

Бұл турнирде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да бақ сынап жатыр. Ол жарысты екінші айналымнан бастайды және 3 қазанда Армения өкілі Алина Чараевамен ойнайды. Пекин турнирі 30 қыркүйек пен 11 қазан аралығында хард төсенішінде өтуде.