Юлия Путинцеваның Азия ойындарындағы тарихи қоласы әлем назарын аударды
The Tennis Letter аккаунты Юлия Путинцеваның 2026 жылғы Азия ойындарында жеңіп алған қола медалін ерекше нәтижe деп бағалады. Бұл — қазақстандық теннисші қыздар арасындағы Азия ойындарындағы алғашқы жекелей медаль.
Теннис тақырыбына арналған The Tennis Letter аккаунты әлеуметтік желіде Юлия Путинцеваның 2026 жылғы Азия ойындарында жеңіп алған қола медаліне жоғары баға берді.
Жазбада қазақстандық теннисшінің жетістігі тарихи мәнге ие екені атап өтілді. Путинцева Азия ойындары тарихында жекелей сында медаль алған тұңғыш қазақстандық теннисші атанды.
«Юлия Путинцева 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ол Азия ойындарында жекелей сында медаль алған тарихтағы алғашқы қазақстандық әйел теннисші болды. Бұған қоса, бұл — Қазақстанның соңғы сегіз жылдағы Азия ойындарындағы алғашқы теннис медалі. Өте ерекше жетістік», — деп жазды The Tennis Letter.
Еске салайық, жартылай финалда Путинцева Қытай өкілі Чжан Шуайға 4:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды.
Азия ойындарында үшінші орын үшін матч өткізілмейтіндіктен, жартылай финалда жеңілген екі теннисші де қола медаль иеленеді.