Қазақстандық жасөспірім «Үлкен Дулыға» турнирін жеңіспен бастады
16 жасар Әмір Омарханов АҚШ-та триумф жасауда
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов ресейлік Тимофей Дерепаскомен бірге АҚШ-тағы турнирді сәтті бастады. Бұл туралы Dopmedia.kz тілшісі хабарлайды.
Жігіттер Атакан Карахан (Түркия) / Хоен Ро (Оңтүстік Корея) жұбымен бақ сынасып, оларды 6:3, 3:6, 10:8 есебімен жеңіп кетті.
Енді, келесі айналымда Денис Петак (Чехия)/Флинн Томас (Швейцария) жұбымен кездеседі.