Күрес

Елдос Сметов Азиададан кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Азия ойындарындағы жарыстан соң әлеуметтік желіде жазба жариялады. Ол өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғыс айтып, ендігі мақсатын да атап өтті.

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Жапонияда өткен Азия ойындарындағы жарысынан кейін әлеуметтік желіде жазба қалдырды.

Титулды дзюдошы Instagram парақшасында өз белдесулерінің үзінділерін жариялап, екі жылдық үзілістен кейін қайтадан тұғырға көтерілгенін айтты. Сметов бұл жетістікті өз жолындағы маңызды қадам деп бағалады.

«Екі жылдық үзілістен, Олимпиададан кейін, мен қайтадан тұғырға көтеріліп, алғашқы медалімді жеңіп алдым.

Осы уақыт бойы қолдау көрсетіп, жанымда болған баршаңызға үлкен рақмет! Сіздердің демеулеріңіз маған зор күш береді. Бұл — үлкен мақсаттарға бастайтын тағы бір қадам. Келесі жылы Астанада өтетін әлем чемпионатына, сондай-ақ алда күтіп тұрған Олимпиадаға дайындықты жалғастырамын. Енді алдымызда тек алтын медальдер тұр!

Алла қаласа, одан да биік тұғырларда қайта кездескенше!» — деп жазды Сметов.

Летенгі Азия ойындарында Сметов 60 келіге дейінгі салмақта күміс медаль иеленді. Ол финалға дейін Оңтүстік Кореяның Ли Ха Римін, Моңғолияның Ариунболд Энхтайванын және Азия ойындарының қолданыстағы чемпионы Ян Юнвэйді жеңіп өтті.

Шешуші белдесуде қазақстандық балуан жапониялық Хаято Кондодан 0:2 есебімен ұтылды. Бұл — Сметовтің Азия ойындарындағы үшінші жүлдесі.