Күрес

Мейіржан Шермаханбет Азиада-2026-де қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Мейіржан Шермаханбет Жапониядағы Азиада-2026 жарысында қола медаль иеленді. Ол үшінші орын үшін белдесуде моңғолиялық Ганбаяр Намсрайды 11:0 есебімен ұтты.

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Мейіржан Шермаханбет Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 жарысында қола медаль алды.

67 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін өткен белдесуде ол Моңғолия өкілі Ганбаяр Намсраймен кездесті.

Шермаханбет айқын басымдық танытып, қарсыласын 11:0 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, қазақстандық балуан Азиада тұғырынан көрініп, жарысты жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындарында да Мейіржан Шермаханбет 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алған еді.