«Ақтөбе» «Аякс»ты жеңді, бірақ Еуропа кубогымен қоштасты
«Ақтөбе» әйелдер командасы УЕФА Еуропа кубогы іріктеуінің қарымта матчында амстердамдық «Аякс»ты 1:0 есебімен ұтты. Алайда алғашқы кездесудегі ірі жеңілісті өтей алмады.
«Ақтөбе» әйелдер командасы УЕФА Еуропа кубогы екінші іріктеу кезеңінің қарымта матчында амстердамдық «Аяксқа» қарсы ойында жеңіске жетті, бірақ жарыстағы жолын жалғастыра алмады.
Ақтөбеде өткен кездесу 1:0 есебімен қазақстандық команданың пайдасына аяқталды. Жалғыз голды 83-минутта Морган Рис соқты.
Екі команда арасындағы алғашқы матч 23 қыркүйекте Нидерландыда өтіп, «Аякс» 8:0 есебімен басым түскен еді.
Осылайша, екі ойынның қорытындысы бойынша амстердамдық клуб 8:1 есебімен жеңіске жетіп, турнирдің келесі кезеңіне өтті.