Жаңалықтар

Кристина Овчинникова Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында екінші орын иеленді. Ол биіктікке секіруде 1,87 метр нәтижемен күміс медаль алды.

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

Әйелдер арасындағы биіктікке секірудің финалы Нагоядағы «Мидзухо» жеңіл атлетика стадионында өтті. Овчинникова 1,87 метр биіктікті бағындырып, екінші орынға тұрақтады.

Бұл сайыста алтын медаль Өзбекстан өкілі Барнохон Сайфуллаеваға бұйырды. Ол 1,90 метр нәтижемен чемпион атанды.

Қола жүлдені Үндістан спортшысы Пуджа жеңіп алды. Қазақстанның тағы бір өкілі Надежда Дубовицкая жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін Максим Фроловский ерлер арасындағы 5000 метрге жүгірудің финалында жетінші орын алған еді. Ол жарыста Бахрейн өкілі жеңіске жетті, жапониялық Томонори Ямагучи күміс алды, ал қола медаль үндістандық Гульвир Сингхке тиді.