Волейбол

Қазақстан волейболшылары Азиада-2026-де Өзбекстаннан басым түсті

Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Азиада-2026-дегі үшінші кездесуінде Өзбекстанды ұтты. Осы жеңіске дейін ұлттық құрама Пәкістан мен Жапонияға есе жіберген еді.

Қазақстанның ерлер волейбол құрамасы Аичи мен Нагое қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 жарысындағы үшінші ойынын өткізді.

Топтық кезеңдегі бұл кездесуде қазақстандық волейболшылар Өзбекстан құрамасымен кездесті.

Қазақстан — Өзбекстан матчы төрт партияға созылып, ұлттық құрама 3:1 есебімен жеңіске жетті. Партиялар есебі: 25:13, 22:25, 22:25, 17:25.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Пәкістанға 1:3 есебімен жол беріп, Жапониядан 0:3 есебімен ұтылған болатын.