Қараман Словакияның мықты орталық алаңына қарсы жоспарды айтты
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман Словакиямен өтетін матч алдында команданың орталық алаңдағы қысымға қалай жауап беретінін түсіндірді. Ол бапкерлер штабы қарсыластың мықты тұсын егжей-тегжейлі талдап, ойын құрылымын нақтылап бергенін айтты.
Қазақстан құрамасы мен «Астана» клубының жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман Словакияға қарсы алдағы матч алдында команда орталық алаңдағы тартысқа дайындалып жатқанын айтты.
Оның сөзінше, словактардың басты күші дәл осы шепте шоғырланған. Құрама сапында «Наполи» ойыншысы Станислав Лоботка сынды деңгейі жоғары футболшылар бар, сондықтан қарсылас алғашқы минуттардан-ақ орталықты өз бақылауына алуға, жоғары қысым жасап, жартылай қорғау шебін басып тастауға тырысуы мүмкін.
«Иә, дұрыс айтасыз. Олардың жартылай алаңында жоғары деңгейлі, мықты еуропалық клубтар мен лигаларда ойнайтын шеберлер жиналған. Бапкерлер штабы сол жартылай қорғауға қалай қарсы тұру керегін және қандай ойын құрылымын ұстану қажет екенін бізге жан-жақты түсіндіріп жатыр», — деді Қараман.
Словакия мен Қазақстан арасындағы Ұлттар лигасының матчы бүгін Кошице қаласында өтеді. Словакия құрамасының орталық алаңындағы негізгі ойыншылар қатарында Станислав Лоботка, Ондрей Дуда және «Эллас Верона» ойыншысы Томаш Суслов бар.