Жаңалықтар

Ясмина Токсанбаева Азия ойындарында Қазақстанға тоғызыншы алтын әперді

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаева Аичи мен Нагоядағы жазғы Азия ойындарында чемпион атанды. Ол марафон қашықтығындағы спорттық жүрісте қарсыластарынан айқын басым түсті.

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Токсанбаева Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Токсанбаева әйелдер арасындағы марафон қашықтығындағы спорттық жүрісте алтын медаль жеңіп алды. Ол мәреге 3 сағат 22 минут 20 секундта жетті.

Екінші орынды қытайлық Даньчжэнь Гоцзун иеленді — 3:26.09. Қытайдың тағы бір өкілі Ма Ли 3:32.26 нәтижесімен қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Ясмина Токсанбаева ең жақын қарсыласынан төрт минутқа жуық уақыт озып, сенімді жеңіске жетті.

Бұл табыс Қазақстан құрамасына Азиада-2026-дағы тоғызыншы алтын медальді сыйлады. Бұған дейін ұлттық команданың қоржынында сегіз алтын болған.