Нора Джеруто Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 3000 метр кедергілермен жүгіруде екінші орын алды. Жарыстан кейін ол нәтижесіне, жарақатынан кейінгі хәліне және алдағы 5000 метрлік додаға қатысты пікір білдірді.
Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында 3000 метр кедергілермен жүгіруде күміс медаль иеленді.
Жарыстан кейін спортшы көрсеткішін жоғары бағалап, өз мүмкіндігін барынша пайдалануға тырысқанын айтты. Ол қасында мықты қарсыластар болғанын, соның ішінде әлем чемпионы Яви де бар екенін атап өтті.
«Бүгінгі жүгіріс өте жақсы өтті. Бәсекелі жарыс болды, жанымда мықты қарсыластар, соның ішінде әлем чемпионы Яви де болды. Мен барымды салуға тырыстым, екінші орын алғаныма өте қуаныштымын. Ертең мені 5000 метрге жүгіру күтіп тұр, онда да қолдан келгеннің бәрін істеуге тырысамын»
Джеруто сондай-ақ жақында «Бриллиант лигасы» кезеңінде сіңірінен жарақат алғанын айтты. Сол себепті аяғының хәліне алаңдағанымен, бәрі ойлағандай ауыр болмағанын жеткізді.
«Бүгін өзімді жаман сезінген жоқпын. Жақында “Бриллиант лигасы” кезеңінде сіңірімді жарақаттап алған едім. Сондықтан аяғымның хәліне алаңдадым, бірақ бақытымызға қарай, бәрі онша қиын болмай шықты. Ауа райы жақсы болды, қатысушылар құрамы өте мықты еді. Жанкүйерлер бізді қолдап, дем беріп отырды, мен үздік үштікке енгеніме өте қуаныштымын»