Жаңалықтар

Chess.com Асаубаеваның Қазақстанды жеңілістен құтқарғанын ерекше атап өтті

Шахмат порталы Бибісара Асаубаеваның Моңғолияға қарсы матчтағы шешуші жеңісіне жоғары баға берді. Осы партиядан кейін Қазақстан құрамасы Олимпиаданың тоғызыншы турында тең есепке қол жеткізді.

Шахматқа арналған Chess.com порталы Бибісара Асаубаеваның Қазақстан құрамасын шахмат Олимпиадасындағы Моңғолияға қарсы кездесуде жеңілістен құтқарғанын атап өтті.

Қазақстандық команда алғашқы аяқталған екі партияда ұтылып тұрған. Алайда Асаубаева бірінші тақтада Мунгунзул Бат-Эрдэнеге қарсы ойында жеңіске жетіп, есеп айырмасын қысқартты.

«Моңғолия сенсация жасауға және Үндістаннан жеңілгеннен кейін қатарынан бесінші жеңісіне жақын еді. Бірақ Бибісара Асаубаева бірінші тақтада ұзаққа созылған тартыста жеңіске жетті. Одан кейін екінші тақтада жеке „алтын“ үшін таласта көш бастап тұрған Алуа Нұрман Мунхзул Турмунхқа қарсы тең сияқты көрінген эндшпилді де ұтып, партияны әсерлі аяқтады», — деп жазды Chess.com.

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Тоғыз турдан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 15 матчтық ұпай бар, команда үшінші орында тұр. Қазақстан Үндістаннан қосымша көрсеткіштер бойынша ғана қалып келеді. Көш басында 17 ұпайы бар Қытай тұр.