Жаңалықтар

Емельянов пен Искакова Азия ойындарында қола медаль алды

Сергей Емельянов мен Руфина Искакова Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден жүлдеге ілікті. Қазақстандық жұп 500 метрлік аралас экипаждар жарысында үшінші орынға көтерілді.

Қазақстандық ескекшілер Сергей Емельянов пен Руфина Искакова Аичи мен Нагоядағы (Жапония) Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

Олар каноэдағы 500 метрге аралас экипаждар арасындағы финалда өнер көрсетіп, мәреге 1 минут 51,124 секундта жетті.

Бұл қашықтықта алтын медаль Қытай өкілдері У Шэнъюэ мен Ма Янанға бұйырды. Олар 1:48,377 нәтиже көрсетті.

Күміс жүлде Өзбекстанның Владлен Денисов пен Нилуфар Зокирова дуэтіне тиді — 1:49,674.

Бұған дейін Стелла Суханова мен Дмитрий Холмогоров та жекелей сындарда қола медаль алған еді.