Алина Чистякова Жапониядағы Азия ойындарында қола медаль алды
Қазақстандық жеңіл атлет Алина Чистякова Аичи мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында үшінші орынға көтерілді. Ол жеті сайыс қорытындысы бойынша 5568 ұпай жинады.
Қазақстан құрамасының жеңіл атлеті Алина Чистякова Жапонияның Аичи мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль иеленді.
Спортшы жеті сайыс қорытындысы бойынша 5568 ұпай жинап, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады.
Алтын медаль жапондық Юри Танакаға бұйырды. Ол 5920 ұпай жинады.
Күміс жүлдені де Жапония өкілі Нанака Кадзики жеңіп алды. Оның еншісінде 5673 ұпай бар.
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы Алина Чистякова жабық кешендегі Азия чемпионатында бессайыстан чемпион атанып, 4181 ұпай жинаған еді.