Жаңалықтар

Қазақстан байдарка құрамасы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстанның әйелдер құрамасы байдарка мен каноэден Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге ие болды. Команда 500 метрлік төрттік сайыста мәреге үшінші болып жетті.

Қазақстанның әйелдер құрамасы байдарка мен каноэден Жапонияда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды.

500 метрге байдарка-четвёрка жарысында ел намысын Ольга Шмелева, Татьяна Токарницкая, Стелла Суханова және Эвелина Костенко қорғады. Қазақстандық экипаж қашықтықты 1:37.005 уақытта еңсеріп, жеңімпаздан 3.221 секундқа қалып қойды.

Жарыста Қытай құрамасы 1:33.784 нәтижесімен топ жарды. Күміс жүлде Өзбекстан спортшыларына бұйырды — 1:36.561.

Осылайша, Қазақстанның Азия ойындарындағы медаль саны 26-ға жетті: 8 алтын, 8 күміс және 10 қола.

Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.