Төрехан Сабырхан Азия ойындарында ширек финалға нокдаунмен өтті
Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. Ол катарлық Мохаммед Дбичиді 5:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.
Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшы боксшыларының бірі Төрехан Сабырхан Жапонияның Айти мен Нагоя қалаларында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында жарыс жолын жеңіспен бастады.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің 1/8 финалында ол катарлық Мохаммед Дбичимен кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша жеңіс қазақстандық былғары қолғап шеберіне бұйырды — төрешілер 5:0 есебін тіркеді.
Екінші раундта Сабырхан қарсыласын тік нокдаунға түсірді. Осы нәтижеден кейін ол жарысты ширек финалда жалғастырады, ал Дбичи жүлде үшін таласты аяқтады.
Айта кетейік, Төрехан Сабырхан алғашқы айналымда жұдырықтасқан жоқ, ал Мохаммед Дбичи 1/16 финалда вьетнамдық Дук Нгок Нгуенді жеңген болатын.