Жаңалықтар

Қазақ семсерлесушісі Азия ойындарында жүлдені қамтамасыз етті

Кирилл Проходов Аичи мен Нагоядағы 2026 жылғы Азия ойындарының жекелей жарысында жартылай финалға шықты. Осы нәтижемен ол Қазақстан қоржынына кемі қола медаль әкелді.

Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов 2026 жылғы Аичи мен Нагоядағы Азия ойындарында жекелей сынның жартылай финалына жолдама алды.

Ширек финалда ол Қытай спортшысы Лань Минхаоны 15:7 есебімен ұтты.

Оған дейін Проходов 1/8 финалда Қытай Тайбэйінен келген Илу Гастон Гийемоны тартысты кездесуде 15:14 есебімен тізе бүктірген еді.

Жартылай финалға шығу қазақстандық спортшыға кемінде қола медальді қамтамасыз етеді.