Қазақстандық гимнаст Милад Карими Аити-Нагоя-2026 XX жазғы Азия ойындарының еркін жаттығулар финалында медаль жеңіп алды. Бұл жүлде Қазақстан үшін тарихи мәнге ие болды — ел осы бағдарламада 32 жылдан кейін алғаш рет медаль иеленді.
Финалдан кейін Карими жарысқа жоғары баға беріп, бәсекенің өте тартысты өткенін айтты.
«Кез келген медаль қуантады, оның артында үлкен еңбек жатыр. Бәсеке оңай болған жоқ. Бүгін квалификациямен салыстырғанда спорттық ашу көбірек болды. Алғашқы күндері бәрі бірден шықпады: күрделі элементтер жетіспеді, соның салдарынан командалық сайыста төртінші орын алдық. Бірақ бүгін бәрі өз орнына келді. Бірінші орынға аз ғана жетпедім, дегенмен өз жұмысымды атқарып, барымды салдым»
Спортшы сондай-ақ жеке бапкеріне, командасына, дәрігерге және қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтып, бұл медальді барлығының ортақ еңбегіне арнады.