Михаил Шайдоров Олимпиададан кейін алғаш рет Nepela Memorial турнирінде сынға түседі
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Братиславада өтетін Nepela Memorial турнирінде өнерін бастайды. Бұл оның Миландағы жеңістен кейінгі алғашқы ресми жарысы болады.
Олимпиада-2026 чемпионы Михаил Шайдоров Словакия астанасы Братиславада өтетін Nepela Memorial турнирінде жарыс жолына шығады.
Бұл қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы үшін Миландағы Олимпиададағы жеңісінен кейінгі алғашқы ресми старт болмақ. Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сырғанау бәсекесінде бақ сынайды.
Братиславадағы турнирде ол бірқатар мықты қарсыластармен кездеседі. Олардың қатарында Еуропаның екі дүркін чемпионы әрі әлем чемпионаттарының жүлдегері француз Адам Сяо Хим Фа, италиялық Даниэль Грассль, Ресейдің үш дүркін чемпионы Евгений Семененко және Глеб Лутфуллин бар.
Nepela Memorial турнирі Шайдоров үшін күзгі Гран-при кезеңдеріне дайындықтың бір бөлігіне айналады. Ол алдағы маусымда Франция мен Қытайдағы кезеңдерде өнер көрсетеді.
Международный турнир Nepela Memorial 2026 Братиславада 24-27 қыркүйек аралығында өтіп жатыр. Ерлер арасындағы жекелей сайысқа 28 мәнерлеп сырғанаушы қатысуда.
Жарыс бағдарламасында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанау, сондай-ақ мұздағы би мен жұптық сайыстар бар. Негізгі бәсекелер екі күнге жоспарланған: 25 қыркүйекте спортшылар қысқа бағдарламаларын көрсетеді, ал 26 қыркүйекте еркін бағдарлама қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.