Хоккей

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» ұтқаннан кейін киім ауыстыратын бөлмедегі видеоны көрсетті

Астаналық клуб сырт алаңдағы ірі жеңістен кейінгі киім ауыстыратын бөлмедегі қуанышты сәттерді жариялады. «Барыс» Мәскеуде «Динамоны» 4:1 есебімен жеңіп, қатарынан екінші сырт алаң ойынында табысқа жетті.

Астананың «Барыс» хоккей клубы Мәскеудің «Динамосын» сырт алаңда ұтқаннан кейін киім ауыстыратын бөлмедегі видеоны жариялады. Кадрларда ойыншылар мен бапкерлер құрамы кездесуден кейінгі жеңісті ерекше көңіл күймен атап өткен.

Хоккейшілер киім ауыстыратын бөлмеде бір-бірін қуана құттықтап, сырт алаңдағы екінші жеңісті бірге тойлады. Клуб бұл сәттің видеосын көпшілікке ұсынды.

Мәскеудегі матч «Барыстың» 4:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Екі голды Гарретт Пилон соқты, бір-бір шайбадан Джейк Масси мен Джастин Бэйли енгізді. Қожайындар сапынан жалғыз голды Никита Коростелёв соқты.

Кездесуде қақпашы Андрей Шутов 37 соққыны қайтарды. Бұған дейін Михаил Кравецтің шәкірттері Ярославльде сол кездегі Кубок Гагарин иегері «Локомотивті» 5:0 есебімен тас-талқан еткен еді.

Осылайша, «Барыс» соңғы екі сырт алаң матчында тоғыз шайба соғып, небәрі бір шайба ғана жіберіп алды. Жеті ойыннан кейін астаналық клубтың еншісінде 10 ұпай бар.

Келесі матчта «Барыс» 25 қыркүйекте Астанада нижнекамскілік «Нефтехимикті» қабылдайды.