Жаңалықтар

Артём Саркисян Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық семсерлесуші Артём Саркисян Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жартылай финалға дейін жетті. Ол жүлде үшін тартыста О Сан Укке есе жіберіп, қола медаль иеленді.

Қазақстандық семсерлесуші Артём Саркисян Айти мен Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарындағы жеке сабля жарысында қола медальға ие болды.

Жартылай финалда ол Оңтүстік Корея өкілі О Сан Укпен кездесіп, 9:15 есебімен жеңілді. Осылайша, О Сан Ук финалға жолдама алды, ал Саркисян жарысты үшінші орынмен аяқтады.

Бұған дейін Артём ширек финалда Олимпиада-2024 чемпионы До Гёндонды 15:14 есебімен тізе бүктірді.

О Сан Ук — үш дүркін Олимпиада чемпионы және әлем чемпионаттарының бес дүркін жеңімпазы. Азия ойындарында ол үш мәрте алтын медаль алған.

Осы нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2026 жылғы Азия ойындарында жеті алтын, төрт күміс және жеті қола медаль бар.