weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Күрес 8
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Абдурашид Абдуллаев Азиада финалына техникалық нокаутпен шықты

Қазақстандық ушу шебері Абдурашид Абдуллаев Қытай Тайбэйі өкілін жеңіп, Азиада-2026 финалына жолдама алды. Енді ол алтын медаль үшін ирандық Сохейл Мусавимен кездеседі.

Абдурашид Абдуллаев Азиада финалына техникалық нокаутпен шықты Абдурашид Абдуллаев Азиада финалына техникалық нокаутпен шықты
Sports.kz

Қазақстандық ушу-саньда шебері Абдурашид Абдуллаев Азиада-2026-ның жартылай финалында жеңіске жетіп, шешуші айналымға өтті.

Айти мен Нагояда өтіп жатқан додада 75 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте оның қарсыласы Қытай Тайбэйінен келген Чжан Хуань И болды. Кездесу Абдурашидтің техникалық нокаутпен жеңуімен аяқталды.

Осылайша, қазақстандық спортшы енді алтын медаль үшін ирандық Сохейл Мусавимен күш сынасады. Ал тайваньдық ушу шебері қола жүлдегер атанды.

Ушу-саньда жарысының финалдық кездесулері бейсенбі, 24 қыркүйекте өтеді.

Айта кетейік, бүгін бұған дейін тағы бір қазақстандық ушу шебері Алижан Аблагатов (70 кг) жартылай финалда жеңіліп, қола медаль иеленген еді.

.

Көп оқылды:

.
.