Хоккей

«Барыс» Мәскеуде «Динамоны» 4:1 есебімен ойсырата жеңді

Астаналық «Барыс» ҚХЛ-дың тұрақты маусымындағы сырт алаңдағы матчта Мәскеудің «Динамосын» 4:1 есебімен тізе бүктірді. Қонақтар екінші және үшінші кезеңде басымдықты өз қолына алып, жеңісті сенімді түрде қорытындылады.

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымында Мәскеудің «Динамосымен» сырт алаңда кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Михаил Кравец баптайтын команда матчқа мына құраммен шықты: Шутов (Шепард) — Масси-Дэй, Морелли-Пилон-Дэйли; Маккошен-Данияр, Омирбеков-Томпсон-Кайыржан; Приски-Диханбек, Симонов-Логвин-Ляпунов; Бритиков, Шайхмедденов-Шестаков-Савицкий.

Бірінші кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде Гарретт Пилон дубль жасап, ал қарсылас тарап бір шайбамен жауап берді.

Үшінші кезеңде Джейк Масси есепті 3:1-ге жеткізді, ал Джастин Бэйли бос қақпаға шайба салып, қорытынды нәтижені белгіледі — 4:1.

«Динамо» (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 1:4 (0:0, 1:2, 0:2)

Шайбалар: 0:1 — 22:32 Пилон (Масси, Бэйли). 1:1 — 27:43 Коростелёв (Пыленков, Сикьюра). 1:2 — 33:25 Пилон (Данияр). 1:3 — 45:15 Масси (Ляпунов, Логвин). 1:4 — 58:37 Бэйли (Масси, Морелли), бос қақпаға.

25 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында төменкамалық «Нефтехимикті» қабылдайды.