Континенттік хоккей лигасы тұрақты чемпионаттың 2026/2027 маусымындағы екінші ойын аптасында соғылған ең үздік 10 голды анықтады.
Бұл рейтингтен астаналық «Барыс» шабуылшысы Джастин Бэйлидің шайбасы да орын алды. Оның Тольяттидің «Ладасына» қарсы сырт алаңдағы голы сегізінші сатыға лайық деп танылды.
Кездесудің 21-минутында Бэйли Дінмұхамед Қайыржанның пасын қабылдап алып, қуатты соққымен есепті 2:0-ге жеткізді. Кейін ол сол матчта дубль жасап, қазақстандық команда 6:0 есебімен ірі жеңіске жетті.
Алты матчтан кейін Джастин Бэйлидің еншісінде 10 ұпай бар: ол 6 шайба соғып, 4 нәтижелі пас берді. «Барыс» 8 ұпаймен Шығыс конференциясында бесінші орында тұр.
Астаналықтар келесі ойынын 22 қыркүйекте Мәскеуде «Динамоға» қарсы өткізеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады.