Күрес

Санжар Әділов Азиада-2026-да Қазақстанға ММА-дан қола медаль әкелді

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Санжар Әділов жартылай финалда жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады. Бұл — Қазақстанның ММА-дегі алғашқы жүлдесі.

Аичи мен Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында қазақстандық Санжар Әділов ММА-ның traditional бағыты бойынша 65 келіге дейінгі салмақта жартылай финалға шықты.

Ширек финалдан кейін шешуші кезеңге жолдама беретін кездесуде Әділов Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовқа есе жіберді.

Осылайша, қазақстандық спортшы Азия ойындарындағы жарысын қола медальмен аяқтады.

Бұл жүлде Қазақстанның ММА бойынша Азиада-2026-дағы алғашқы медалі болды.