Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азиада-2026 ойындарында Қазақстанның әйелдер құрамасы үстел теннисінен екінші кездесуін өткізді.
Бұл жолы қазақстандық спортшылар Мальдив құрамасына қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осы нәтижеден кейін Қазақстан С тобында екінші орынға көтерілді.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан алғашқы матчта Оңтүстік Кореяға есе жіберген еді.
Азиадада ел намысын Зауреш Ақаешева, Сарвиноз Мирқадирова, Жанерке Қошқымбаева, Альбина Жақсылықова және Ангелина Романовская қорғап жүр.