weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
Серіктестер
Бүгін, 00:10 / SportRoom / Хоккей 4
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қазақ қақпашысы Андрей Шутов КХЛ-де алғаш рет апта үздігі атанды

«Барыс» қақпашысы Андрей Шутов Құрлықтық хоккей лигасында алғаш рет аптадағы ең үздік қақпашы деп танылды. Ол өткен аптада екі кездесуге қатысып, бір ойында қақпасын голдан аман сақтады.

Қазақ қақпашысы Андрей Шутов КХЛ-де алғаш рет апта үздігі атанды Қазақ қақпашысы Андрей Шутов КХЛ-де алғаш рет апта үздігі атанды
Sports.kz

Құрлықтық хоккей лигасы 2026/2027 маусымының екінші аптасындағы үздік ойыншыларды анықтады. Төрт аталым бойынша таңдау статистикалық көрсеткіштер мен талдауға сүйеніп жасалды.

Андрей Шутов («Барыс») мансабында алғаш рет аптадағы ең үздік қақпашы атанды. Ол осы аптада екі матчқа қатысып, бір жеңіске жетті. Шутовқа 51 соққы бағытталып, соның бәрін қайтара білді.

Қақпашының сенімді ойынының нәтижесінде «Локомотивке» қарсы кездесуде («5:0») қақпасын мүлде гол жібермей сақтады. Оның сенімділік коэффициенті – 0.

Апта қорытындысы бойынша ең үздік қорғаушы атағы алғаш рет Егор Замулаға («ЦСКА») бұйырды. Ол екі матчта 4 (1+3) ұпай жинап, пайдалық көрсеткіші «+3» болды.

Ең үздік шабуылшы ретінде СКА хоккейшісі Николай Голдобин танылды. Ол бір ойында 5 (1+4) ұпай жинап, пайдалық көрсеткіші «+5» көрсетті.

Ал үздік жас ойыншы атағын «Салават Юлаев» қорғаушысы Никита Щербаков алды. Ол үш матчта 2 (1+1) ұпай еншілеп, бір силалық әдіс, екі тосылған соққы және бір шайба тартып алуымен көзге түсті.

.

Көп оқылды:

.
.