Бокс

Салтанат Меденова Софиядағы Еуропа чемпионатын жеңіспен бастады

Қазақ текті ресейлік боксшы Салтанат Меденова Софияда өтіп жатқан 2026 жылғы Еуропа чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол Англия өкілі Мэри-Кейт Смитті төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты.

Қазақ текті ресейлік боксшы Салтанат Меденова Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан 2026 жылғы Еуропа чемпионатындағы жарысын сәтті бастады.

75 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал кезеңінде ол Англия намысын қорғаған Мэри-Кейт Смитпен жұдырықтасты. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Меденова төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті.

Салтанат Меденова — әлем чемпионы әрі Ресейдің төрт дүркін чемпионы. Биылғы тамыз айында оған Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілді.

Софиядағы 2026 жылғы Еуропа чемпионаты Ресей үшін тарихи дода саналады: бұл — World Boxing аясындағы ересектер арасындағы алғашқы ірі турнир, әрі Ресей құрамасы жарысқа ресми түрде толық құраммен, ешқандай шектеусіз қатысып отыр.