Елена Рыбакина US Open-тен кейін Қазақстанға келеді
Елена Рыбакина жақын күндері Астана мен Алматыға барады. Ол US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісінен кейін елге оралады.
Елена Рыбакина жақын уақытта Қазақстанға келеді. Ол Астана мен Алматы қалаларына баруды жоспарлап отыр.
Теннисшінің елге сапары US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісінен және WTA рейтингінде бірінші орынға көтерілуінен кейін өтпек. Нақты келетін күні әзірге айтылған жоқ.
Өткен демалыс күндері өткен US Open-2026 финалында Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенканы үш сетте жеңді — 6:4, 5:7, 6:2.
Осылайша, қазақстандық спортшы мансабында алғаш рет АҚШ ашық чемпионатының чемпионы атанды. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда және 2026 жылы Australian Open турнирінде топ жарған еді.