Футбол

«Динамо» «Ростовты» ірі есеппен ұтып, РПЛ-де екінші орынға көтерілді

Мәскеулік «Динамо» Ресей премьер-лигасының тоғызыншы турында сырт алаңда «Ростовты» 3:0 есебімен жеңді. Бақтиер Зайнутдинов жарақат пен операциядан кейін әлі қатарға қосылған жоқ.

Ресей премьер-лигасының тоғызыншы турында Мәскеудің «Динамосы» сырт алаңда «Ростовты» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Есеп бірінші таймда ашылды: 35-минутта Ярослав Гладышевтің пасынан кейін Константин Тюкавин дәл соққы жасап, қонақтарды алға шығарды. 78-минутта Виктор Окишор басымдықты еселей түсті.

88-минутта Тюкавин пенальтиден мүлт кетпей, дубль авторы атанды. Осылайша «Динамо» сенімді жеңіске жетіп, матчты ірі есеппен аяқтады.

Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов бұл ойында құрамға енген жоқ. Ол әлі де жарақат пен операциядан кейін қалпына келу үстінде.

Осы нәтижеден кейін «Динамо» 19 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. «Ростовтың» еншісінде 8 ұпай бар, команда 12-сатыда тұр.